Аттестат алу рәсімі
9.06.2022 ж Мамандырылған «Зерде» дарынды балалар мектебінің 9 а, 9 б сынып оқушылары негізгі білім бітіру құжаты аттестатты алды. 38 оқушы аттестат алды, оның ішінде 11 оқушы қызыл аттестатқа тәмамдады. Кейбір оқушылар колледж таңдаса, кейбір оқушылар 10 сыныпты жалғастырады. Оқушыларға табыс тілейміз!
Облыстық «Ту ұстаушылар» байқауы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне Қарулы Күштердің құрылуының 30 жылдығына арналған облыстық «Ту ұстаушылар» байқауында қалалар арасында 2 - орын иеленгені үшін марапатталды. Жүлдегер команданы дайындағаны үшін пән мұғалімі Нұртаев З.Т Алғыс хатпен , команда қатысушылары Бейсенбаев Мейрхан, Жақсыжан Дамир, Солтанбай Ершуақ мадақтамалармен марапатталды.
Шоң би оқулары
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы шеңберінде өткен облыстық Шоң би оқуларында өзінің алғырлығы мен білімпаздығын танытып, Тайкелтір би атындағы сыйлыққа 10- сынып оқушысы Амренова Альнура ие болды.
1-маусым Балаларды қорғау күні
1-маусым Балаларды қорғау күніне арналған салтанатты ашылу кешінен кейін, 2-4 сыныптар сурет салды, 3 а мен 3 б арасында эстафета жарысы өтті, 8 а, 8 б сыныптары мастер класс көрсетті. 6 а, 6 б, 7 а, 7 б сыныптары флешмоб көрсетті. Қалған сыныптар спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
5- маусым Республикалық референдум
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынған конституциялық реформасын қолдаймыз.
«Ел баласы» жобасы
31 мамыр күні Екібастұз қаласының мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының жұмысына оқушылардың қатысу күні ұйымдастырылды. Мектебіміздің 10- сынып оқушылары, олимпиадалардың жүлдегері Бауыржан Арсен мен республикалық пікірсайыстардың жүлдегері Жакупова Камила РГТО зауытында, «Богатырь Комир » ЖШС оқу- курстық комбинатының мұражайында болды. Экскурсия барысында балалар серіктестіктің кәсіби қызметінің ерекшеліктері туралы білді.
2021-2022 оқу жылының аяқталу салтанатты жиыны
2021-2022 оқу жылының аяқталуына орай 2-10 сыныптар арасында салтанатты жиын өтті. Оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларға ерекше құрмет көрсетіліп, оқу тәрбие жұмысында үздік нәтиже көрсеткен сыныптар Зердеш ұпайы нәтижесінде марапатталды. 2-4 сыныптар арасында үздік нәтиже- 4 сынып, 5-8 сыныптар арасында- 5 б сыныбы, 9-11 сыныптар арасында 10 сынып иеленді.