2017  жылдың 6-шы қазанында ХІІ республикалық  «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.Байқауға мектепішілік  Мұқағали оқуларының жеңімпазы 9 «А» сыныбының оқушысы Сүйіндік Перизат қатысты.

Облыстық оқу орындарынан  қатысқан 14 оқушы «Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар  ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Жыр эстафетасында»  қатысушылар  ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды. Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді  шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» бөлімінде 1 минуттың ішінде  ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.

Оқулардың қорытындысы бойынша мектебіміздің намысын қорғап, ІІІ дәрежелі  дипломмен марапатталған  Перизат пен дайындаған ұстазы Қымбат Қабатайқызына алғысымызды білдіреміз!