Ақпанның 15 және 17-сі Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебінде 8-10 сынып оқушылары арасында V мектепішілік дебат  турнирі өтті. Биылғы жылы мектепішілік турнир тақырыбы http://ekbzerde.kz/ сайтында оқушы, ата-ана, мұғалімдердің ұсынылған 10 тақырыптың біреуін таңдауымен ерекшеленді. «Оқушының қабілетін анықтауда баға тиімді тәсіл» тақырыбына 43% дауыс берілді.

Сонымен жақтау тобы «Оқушының қабілетін анықтауда баға тиімді тәсіл»  деп, даттау позициясы «Оқушының қабілетін анықтауда баға тиімді тәсіл емес» деген тақырып төңірегінде ой қозғады. Турнирге қатысуға 12 команда ниет білдіріп, іріктеу турында әр команда жақтау, даттау позициялармен ауысып, 3 ойыннан өткізді. Даттау барысында баға бәсекелестікке әкеліп, бала баға үшін үнемі психологиялық қысым көретінін, жақсы баға алу үшін алдау, көшіру, өтірік айтуға да баратынын тілге тиек етті. Жақтау жағы баға тәртіпке әкелетінін, үнемі талап қойылғандықтан, оқушының өз күнін жоспарлап, өз уақытын дұрыс пайдалануға үйрететінін айтты. Нақты фактілер арқылы дәлелдеу үшін сайыскерлер сөздік, энциклопедиялардан дефинициялар тауып, психолог-педагог еңбектерінен үзінді келтірді. Ойынға төрешілік қызметін атқарған әділ қазылар финалға «Назар» және «Оқжетпес» топтарына финалға жолдама берді.

Нәтижесінде

1 орын «Оқжетпес» тобы 10а сынып

2 орын «Назар» тобы 9б сынып

3 орын «Дауыл» тобы 10а сынып

Спикерлік міндетін жоғары дәрежеде атқарған Шайкенов Данияр   8-сынып, Шакенова Меруерт 10а сынып, Серикова Жансая 10а сынып, Акимжанова Дания  9б сынып, Ильясов Султан 10а сынып, Смакаева Әйгерім  9а сынып,        Оралбаева Гайнель 10б сынып, Хаммет Қажымұрат 9б сынып, Оразбеков Әділбек 10а сынып, Амантаева Зарина 8-сынып «Үздік спикер» номинациясына ие болды.

Командаларды дайындауға жауапкершілікпен қарап, мектепішілік турнирдің жоғары нәтижеде өтуіне ықпал еткен мұғалімдер Турганбаева А.Ө., Сыздыкова С.А. «Үздік жаттықтырушы» номинациясы берілді.