Зерделіктер ақпан айын асыға күтеді. Себебі жыл бойы жаттаған Абай, Махамбет аталарының өлеңдерін сарапқа салатын, ақын мұрасын бағалайтын мереке осы айдың еншісінде. Әр ұстаз баптаған шәкірттердің бағын сынар сәтті күн де осы ақпан айында. Биылғы қазақ тілі мен әдебиеті апталығы «Ұлылар ұлағаты» тақырыбымен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбет Өтемісұлының ақындық дарынын  өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, ақын өлеңдерін жатқа айтушылар мен арнау  өлең иесі – ақындардың өлеңдерін сарапқа салумен басталды.

«Ел құтқарар ер едім...» бағытының шымылдығын сайыскерлердің ішіндегі ең жасы кіші бастауыш сынып оқушысы 3 б сыныбынан Нұрсұлтанұлы Асқар «Мен, мен , мен едім» толғауымен ашты. 5-10-сынып бойынша қатысқан 31 оқушының ішінен Ерланұлы Ілияс, Кенжебекова Айдана, Бақытов Әмір, Базыл Ербол, Ержанұлы Диас, Арысулан Санжар, Манапова Зарина, Жумадилова Альмиралар ақынның өршіл рухты үнін ерекше мәнермен жеткізді. Жиырма минутта берілген тапсырмалар бойынша табанда өлең шығару - «Тартынбай сөйлер асылмын» номинациясының талабы. Ақындық қабілеттерін танытуда «Махамбеттей адамдар көп болса ғой, Елін сүйіп, жан берер халық үшін», «Мен батырдың ұрпағымын жерін сүйген, Елім десе күш бітіп, жанып күйген» - деп толғанды. Әділқазылар шешімімен Жангалиев Дамир, Оразбеков Әділбек, Зейнолла Мағжан, Мергалиева Дильназдар қатарластарынан оқ бойы озып шықты.Дәстүрлі ХІҮ мектепішілік Абай оқулары бастауыш және 5-10 – сыныптар аралығында  3 номинация бойынша өткізілді. Ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, мектеп сахнасы 1-сынып ата – аналарының көмегімен талапқа сай жабдықталып, М.Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша «Бала Абай» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Ибадильденова А.А  оқушыларымен бірге дайындаған инсцинировкаланған көрініспен ашылды. Облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының жүлдегері Жунусова Мадина Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романынан үзінді оқып, қатысушыларға көркемсөз оқудың үлгісін көрсетті. Қатысқан 105 оқушының ата – аналармен бірге шырқаған Абай әндері, ұлттық киімі,сахнада өзін-өзі ұстау мәнері, мәнерлеп оқу техникасы сайыс талабына сай. Олар: 1-сынып оқушылары; Мешітбай Айбар- 7, Карагожин Асылзада -6, Жумабаева Аяжан -8; 2-сынып оқушысы Ағзап Аружан  -18, Нұрлыбекова Айбике -23, Тұрсын Арайлым -30 ; 3-сынып Салықова Саяжан-18; 4-сынып Құлмақан Томирис -37 өлең, 5-10-сынып оқушылары арасынан Каирова Зарина, Сағинтаева Нұрай -15, Дюсенбаев Рауан -40, Әдіман Ержан -51,Мейрашева Зарина -110,Амангелді Даяна -26, Нығмет Айтолқын -33, Естай Әлихан -101 өлең  жаттап, әдебиет әлеміндегі ұлылар әлемінің қайнар бұлағынан сусындап, өлең өріндегі нәтижелерімен қуантты.                                             

         «Жүйріктен жүйрік озар» номинациясы бойынша мектебімізде ақындар мектебінің қалыптасып қалғаны қуантты. Берілген тақырып бойынша ұйқас өлшемін анық,өзіндік өрнекпен тақырыпты ашуда ойларының көріктілігі байқалған оқушылар: Оразбекова Алина - 4, Қанат Абдуллаһ-3 «А», Адамов Нұршуақ - 3б, Ержанұлы Диас -4, Избасаров Дарын -7б,Асайынов Ильяс-10а,Құмарәлі Аружан-7а,Сандат Мерей-5а, Сүйіндік Перизат -9а. ХІҮ мектепішілік Абай,Махамбет оқуларында ақындар мұрасына терең үңіліп, жауапкершілікпен қатысқан Естай Әлихан/5а/, Ерланұлы Ілияс   /7а/,Жангалиев Дамир/10б/, Сүйіндік Перизат /9а/, Ташенова Жұлдызай /8с/ мектеп намысын наурыз айында облыста қорғайды.  Осы сәтті күндер нәтижесінде өлең өрнегін көкірегіне түйген 86 сайыскерлеріміз сертификат, диплом, арнайы сыйлықтармен марапатталып, ұстаздарының үміттерін ақтап, үлкен бір мақтаныш сезімімен үйлеріне қайтты.