Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында 2018 жылғы 13 наурызда өткізілген ХІХ облыстық Абай оқуларына жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерден 72 оқушы қатысты.ХІХ облыстық Абай оқуларының «Өлең – сөздің патшасы...» номинациясында 5а  сынып оқушысы ЕСТАЙ  АЛИХАН жүлделі ІІ орынды иеленіп,Республикалық кезеңге жолдама алды! Оқушының поэзияға құштарлығын арттырып, сапалы дайындаған пән мұғалімі: Сыздықова Сандуғаш АғзапқызыАқын өлеңдерін жаттаудағы,  ақын мұрасын насихаттаудағы  еңбектеріңізге алғыс айтып, алдағы республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!!!