Павлодар қаласында алғашқы рет 2018 жылғы 26 сәуірде облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары командаларының арасындағы тарих және өлкетану бойынша Ермұхан Бекмаханов атындағы Турнирге мектебімізден қатысқан «Тұран»  тобы ЖЕҢІМПАЗ атанды! Бұл инновациялық жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  өскелең ұрпақта өз елінің мәдени мұрасына ұқыпты қарау және қоғамның тарихи зердесін сақтау мен молайтуға ықпал ететін отаншылдықты қалыптастыру мақсатында өтті.Турнирге облыс мамандандырылған мектептердің 36 оқушысынан 12 команда қатысты. Мектебімізден қатысқан «Тұран»командасы  құрамында 7-сынып оқушылары Даяна Аманкелді, Саида Акипова, Дильназ Мерғалиева жоғары лигада бақтарын сынап, тарих пен өлкетанудан күрделі тапсырмаларды орындауда шешімдерін дәлелді түрде беріп, ғылыми пікірталаста білімдерінің жан – жақтылығын шығармашылықпен дәлелдеді. Дайындаған ұстаздары: Рыстыгуль Баттаховна Жантемирова, Үміт Турсынтаевна Кенжебекова және Арайлым Океновна Турганбаева.Оқушыларымыздың бойынаа ұлттық құндылықтарымыз, елімізге, жерімізге деген құрмет пен патриоттық сезімді  қалыптастырудағы жемісті еңбектеріңізге сәттілік тілейміз