1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары - 1998 жылы Екібастұз жоғары педагогикалық колледжінің математика факультетін және 2006 жылы Павлодар инновациялық Еуразия университетінің «Басқару мен ақпаратты іздеудің компьютерлік жүйелері» мамандығын бітірген. Жоғары біліктілік санаттағы мұғалім. Еңбек жолын 1996 жылы Екібастұз қаласындағы №26 қазақ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2004 - 2008 оқу жылы аралығында «Зерде» дарынды балалар мектебінде информатика пәні мұғалімі және директордын бейіндік пәндер бойынша орынбасары болды. 2008 жылдан бастап аталған мектептің директоры. 

Кафизов Нұржан Бахриденұлы – Қазақстан Республикасында білім саласын заманауи талаптарға сай басқару қажеттігін түсінетін тәжірибелі басшы. Ол әлемдегі технология мен педагогика саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, өзінің тәжірибесі мен білімін қайта қарап, жаңартып отырады. Атап айтқанда 2013 жылдың 13-14 наурызында Амстердамда өткен мұғалім мамандығына арналған Үшінші халықаралық саммит материалдарын педагогикалық кеңесте талқылау ұйымдастырды. Деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдерден қоғамдастық құрып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін мұғалім тәжірибесіне енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.  

Ұжымдағы   әр мұғалімнің   педогогика  мен психология  ғылымдары  саласындағы   жетістіктерді  білуіне, жаңа  технологияны  тәжірибеге  енгізуге  зор  үлес  қосып, мектеп Павлодар  қаласындағы                       С. Торайғыров атындағы ПМУ, ИнЕУ, ПМПИ   жоғары  оқу  орындарының   математика, биология, қазақ тілі, орыс тілі кафедраларымен  тығыз байланыс  орнатқан.

Мектеп электронды оқыту жүйесіне еніп, оқу-тәрбие процесін автоматтандыруға байланысты жұмыстар сәтті енгізілуде. Мектеп директорының тікелей қолдауымен жасалған мектеп сайты 2011-12 оқу жылы облыстық «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» конкурсында үздік шығып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

       Озық іс - тәжірибелерді оқып үйрену мақсатында облыс, республика көлемінде өткізілген конференция, семинарларға қатысты.                               ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы (Астана, 2012ж)  мен «Педагогикалық альманах» журналына (Павлодар, ПМБАИ. 2011 ж) мақалалары жарық көрді. Информатика пәнінен мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасының ІІ орын иегері /2011ж/

Мектепте Павлодар облысы бойынша үш тілде оқытатын эксперименталды алаң жұмыс істейді. Мектеп оқушылары әр дайым тең білімімен ерекшеленеді. 2011 жылы ұлттық біріңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектеп облыс әкімі атынан дипломмен марапатталды.

Оның қатысуымен қала мен аймақ  мекемелерінде спорттық, мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Қазақша күрес ойындарын ұйымдастыру және өткізуге көрсеткен демеушілік қолдауы үшін 2014 жылы Павлодар облыстық Қазақ күресі федерациясы атынан алғыс хат алған.

         Кафизов  Н.Б.-   ата -  аналармен  тығыз жұмыс    жүргізеді.  Ата - аналардың  педогогика - психологиялық  білімдерін  жетілдіру  мақсатында  ата - аналар  университетінің  жұмысына  басшылық  жасайды.

         Нұржан  Бахриденұлы   қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласады. «Нұр Отан»  партиясының,  облыстық  білім мекемелері  директорлар кеңесінің  мүшесі.  2010 жылы Екібастұз қаласы әкімінің атынан қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі, адал еңбегі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс хатпен марапатталған.   

Жауапкершілік, адамдармен тез тіл табыса алу қасиеті, ұйымдастырушылық тәжірибесі, әріптестер арасында, қаланың педагогикалық қауымының арасында беделді болуына ықпал жасады.