Ақпанның 21-і  мен 23-і аралығында өтетін

«Ұлылар ұлағаты» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы өтеді

 

күні

Іс – шаралар

Өту орны

Жауапты

1

 

 

21.02

14.00

 

Апталықтың ашылуы         «Ұлылар ұлағаты»

І қабат

 

 

Нұртаева Н.Қ

Шығарма байқауы: «Туған тілін сүйе алмаған, туған жерін сүйе алар ма?» 10-сынып

2

«Менің атым Махамбет»

ХІҮмектепішілік Махамбет оқулары  /5-10-с/

ІІ қабат мәжіліс залы

 

Дусупова А.Ә.,              пән мұғалімдері

3

22.02

13.05

«Абай – дана, Абай – дара...»

ХІҮ мектепішілік Абай оқулары    /1-4- с/

Ибадильденова А., пән мұғалімдері

4

23.02

14.00

«Абай – дана, Абай – дара...» ХІҮ мектепішілік    Абай оқулары                           (5-10- сыныптар)

 

Исабаева Г.Б.,                  пән мұғалімдері

5

24.02

Қорытынды. Марапаттау. Баспасөзге материал әзірлеу

 

Баспасөз орталығы

 

      «Жарқын болашақтың» жарқын жеңісі

 

8 ақпанда өткен  «Жарқын болашақ» Х республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларымыз  жүлдемен оралды!

«Жас ғалымдар» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломмен  8 - сынып оқушылары Құдайбергенова Камила және Амантаева Зарина, «Жазушылар» сайысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен  10 «Б» сынып оқушысы Амангелді Даниял марапатталды. Дайындаған: пән мұғалімі Нуртаева Назымгуль Кудышевна. Дарындарды даралаған әріптесімізді жарқын жеңісімен құттықтай отыра, шәкірттеріңізді ғылымның қыр – сырын үйретудегі шеберлігіңізге зор алғысымызды білдіреміз

                                          

Рухани жаңғыру

Қарашаның 23-і күні облыс мектептерінің  9-11-сынып оқушылары арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Туған жер - тұғырың» тақырыбында өткен ғылыми – практикалық конференцияда мектебіміздің мақтанышы, 11«А» сынып оқушысы Жумабеков Ануар қатысып, баяндама оқыды. Қатысқан 80 оқушының ішінде баяндамасы үздік, терең мағыналы деп танылып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ануардың білім жолындағы ізденістеріне сәттілік тілеп, бағындырар белестерінің республика дәрежесінде жалғасын табар деген сенімдеміз.  Пән мұғалімі: Дусупова А.Ә.

 

«Зерде» пресс орталығы

Облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 11 қаңтарда облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Байқауға 5 аудан, 3 қала және мамандандырылған мектептерден қатысқан 83 оқушының арасында мектебімізден қатысқан11 «А» сынып оқушылары Жунусова Мадина мен Қайыркен Нұргүл  "Көркем сөз", "Шығарма жазу" бағыттары бойынша ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.                            Пән мұғалімі: Дусупова Аклес Адильбаевна. 

Ғылымға бастау

2017 жылдың 3 қараша күні республикалық «Зерде»  конкурсының облыстық Павлодар қаласының № 25 ЖОББМ-де өтті.  Мектебімізден конкурстың облыстық кезеңнің іріктеу турынан Ағзап Әлішер, Кенжебеков Әлішер, Ерсинова Саида,Сапар Ахметолла өтіп, өз жұмыстарын сәтті қорғады.  Жүзден жүйрік шыққан 7б сыныбының оқушысы Сапар Ахметолланың жазған   «Электромагниттік толқындардың ағзаға тигізетін кері әсері» тақырыбындағы жұмысы ІІІ жүлделі орынды иеленді!  Дайындаған жетекшісі: Исабаева Гүлдана Бекенқызының   жемісті жұмысына зор алғыс айта отыра, шәкірттеріңізді  ғылымның қыр – сырына үйретудегі  қажырлы еңбегіңізге сәттілік тілейміз!

 

                                                                                            «Зерде» пресс орталығы