2018 жылы 11сәуірде Ғылым күніне байланысты өткен «ХҮІІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференцияда  қазіргі ғылымның     әртүрлі салаларындағы өзекті мәселелері бойынша зерттеген жұмыстарын қорғаған мектебіміздің оқушылары мектеп қоржынын бірнеше марапаттармен толықтырды. Астрономия секциясы бойынша Ақылбек Санжар І орын, «Жасампаз ғылыми шешім» номинациясымен Бексұлтан Жасқайрат, Темирлан Балғожин (9 Б);  «Ғылымдағы алғашқы қадам»  номинациясымен Темиргалиева Анель (11Б); Құдайбергенова Камила, Амантаева Зарина (8-с) марапатталды. Шәкірттерінің ғылым жолындағы ізденісіне бағыт – бағдар беріп, еліміздің ғылым саласына тамшыдай болса да үлес қосуда зерттеу жұмысының қыр –сырын үйреткен жетекші –ұстаздары: Калиев Мансур Масгутович, Нуртаева Назымгуль Кудышевна, Кенжебекова Умут Турсынтаевна, жеңістеріңіз құтты болсын! Алар асуларыңыз көп болсын! Шәкірттеріңізді ғылым жолына баулудағы жемісті еңбектеріңізге сәттілік тілейміз.