Дебат технологиясының "Зерде" мектебінің оқу-тәрбие үдерісіне енгізілгеніне 16 жыл

«Зерде» мектебі ашылғаннан бері дебат технологиясы оқу-тәрбие үдерісінде үнемі тиімді пайдаланылып келеді. «Ақиқат» дебат клубы түрлі іс-шараларға байланысты дебат ойындарын өткізіп тұрды араға бірнеше жылдарды салып, 2016 жылдан бері жыл сайын мектепішілік дебат турнирлері өтеді.

2019 жыл VІ мектепішілік дебат турнирі. 8,9,10-сыныптан 20 команда, яғни 60 оқушы қатысты. 7-сынып оқушылары таимкипер қызметін атқарды. Тақырып таңдау ekbzerde.kz саиты арқылы сауалнама ретінде ұйымдастырылып, демократиялық жолмен таңдалды. Көпшіліктің қалауы бойынша «Қазіргі жастар бос уақытын тиімді пайдаланбайды» резолюциясы қабылданды. 1 орын «Назар» тобы 10б сынып, «Нәзік» тобы 8а сынып 2 орын «Дат» тобы 9-сынып, «Жалынды жастар» 8а сынып 3 орын «Нұр» тобы 10а сынып, «Талапкер» тобы 10б сынып, «Ақиқат» тобы 8б сынып «Үздік спикер» номинациясын төмендегі оқушылар ие болды: Жупарова Инара, Есентаева Адия, Куандыкова Индира, Акипова Саида, Смакаева Әйгерім, Ташенова Ралина, Абсаттарова Амина, Әбікен Нұрила. Командаларды дайындауға жауапкершілікпен қарап, мектепішілік турнирдің жоғары нәтижеде өтуіне ықпал еткен Сыздыкова С.А., Дусупова А.А., Исабаева Г.Б., Есмагамбетова Г.К. «Үздік жаттықтырушы» номинациясы берілді.

2018 жыл V мектепішілік дебат турнирі. Ақпанның 15 және 17-сі  8-10 сынып оқушылары арасында өтті. Тақырыбы http://ekbzerde.kz/ сайтында оқушы, ата-ана, мұғалімдердің ұсынылған 10 тақырыптың біреуін таңдауымен ерекшеленді. «Оқушының қабілетін анықтауда баға тиімді тәсіл» тақырыбына 43% дауыс берілді. Сонымен жақтау тобы «Оқушының қабілетін анықтауда баға тиімді тәсіл» деп, даттау позициясы «Оқушының қабілетін анықтауда баға тиімді тәсіл емес» деген тақырып төңірегінде ой қозғады. Турнирге қатысуға 12 команда ниет білдіріп, іріктеу турында әр команда жақтау, даттау позициялармен ауысып, 3 ойыннан өткізді. Даттау барысында баға бәсекелестікке әкеліп, бала баға үшін үнемі психологиялық қысым көретінін, жақсы баға алу үшін алдау, көшіру, өтірік айтуға да баратынын тілге тиек етті. Жақтау жағы баға тәртіпке әкелетінін, үнемі талап қойылғандықтан, оқушының өз күнін жоспарлап, өз уақытын дұрыс пайдалануға үйрететінін айтты. Нақты фактілер арқылы дәлелдеу үшін сайыскерлер сөздік, энциклопедиялардан дефинициялар тауып, психолог-педагог еңбектерінен үзінді келтірді. Ойынға төрешілік қызметін атқарған әділ қазылар финалға «Назар» және «Оқжетпес» топтарына финалға жолдама берді. Нәтижесінде 1 орын «Оқжетпес» тобы 10а сынып 2 орын «Назар» тобы 9б сынып 3 орын «Дауыл» тобы 10а сынып Спикерлік міндетін жоғары дәрежеде атқарған Шайкенов Данияр 8-сынып, Шакенова Меруерт 10а сынып, Серикова Жансая 10а сынып, Акимжанова Дания 9б сынып, Ильясов Султан 10а сынып, Смакаева Әйгерім 9а сынып, Оралбаева Гайнель 10б сынып, Хаммет Қажымұрат 9б сынып, Оразбеков Әділбек 10а сынып, Амантаева Зарина 8-сынып «Үздік спикер» номинациясына ие болды. Командаларды дайындауға жауапкершілікпен қарап, мектепішілік турнирдің жоғары нәтижеде өтуіне ықпал еткен мұғалімдер Турганбаева А.Ө., Сыздыкова С.А. «Үздік жаттықтырушы» номинациясы берілді.

2017 жыл ІV мектепішілік дебат турнирі. Ақпанның 16-17-сі  өтті. 8-10 сынып оқушылары «Баланы үнемі қолдаудың пайдасы басым» тақырыбында пікір таластырды. Даттау позициясы «Баланы үнемі қолдаудың зияны басым» деген тақырып төңірегінде ой қозғады. Турнирге қатысуға 12 команда ниет білдіріп, алғашқы күні әр команда жақтау, даттау позициялармен ауысып, 3 ойыннан өткізді. Даттау барысында баланы үнемі қолдау еркелікке апарады, кейін өмірге бейім болмай, өзі шешім қабылдауға үйренбейді деп, жақтау жағы мектептегі жетістіктеріміздің өзі мұғалімнің қолдауының арқасында үлкен жетістікке жетелеп, сенім ұялатады, достардың қолдауы, әсіресе жасөспірім кезде қажет, көпшілік ортада беделі өсіп, жігерлендіреді деген ой тастады. Нақты фактілер арқылы дәлелдеу үшін сайыскерлер сөздік, энциклопедиялардан дефинициялар тауып, психолог-педагог еңбектерінен үзінді келтірді. Ойынға төрешілік қызметін атқарған әділ қазылар жартылай финалға 4 командаға жолдама беру керек еді, бірақ «Дарын» мен «Құлагер» тең түсіп, олардың арасында жеке іріктеу туры өтті. Нәтижесінде 1 орын «Тарлан» тобы 9б сынып 2 орын «Кемел келешек» тобы 10а сынып 3 орын «Жарқын болашақ» тобы 10а сынып және «Дарын» тобы 9б сынып Сонымен қатар спикерлік міндетін жоғары дәрежеде атқарған Жангалиев Дамир 9б, Жумабеков Ануар 10а, Умиралинова Жұлдыз 9б, Ахметуллина Айдана 10б, Жанкина Аяулым «Үздік спикер» номинациясына ие болды. Командаларды дайындауға жауапкершілікпен қарап, мектепішілік турнирдің жоғары нәтижеде өтуіне ықпал еткен мұғалімдерге «Үздік жаттықтырушы» номинациясы Дусупова А.А., Темирханова А.Б. берілді.

2016 жыл ІІІ мектепішілік дебат турнирі 8-10-сыныптар арасында сәуірдің 20-21-і өтті. Бұл жолғы тақырып: «Жаңа технологиялардың экологияға зиянынан пайдасы басым». Алғашқы күні үш іріктеу ойыны арқылы 12 топтың 4-і жартылай финалға жіберілді. Екі күнде 36 оқушы берілген тақырып бойынша ойларын ортаға салды. 18 мұғалімнен тұратын төрешілер тобы әр ойынға баға берді. Нәтижесінде: 1 орын «Барыс» тобы 9а сынып 2 орын «Жас қыран» тобы 10б сынып 3 орын «Дарабоз» тобы 8а сынып және «Қырандар» тобы 8а сынып. Темірболат Бауыржан 8а, Жумабеков Ануар 9а, Алтынбек Жармұхамет 10б, Жангалиев Дамир 8б, Алдабергенова Мадина 8б, Жансултанова Акбота 10а Актаев Дидар 10а «Үздік спикер» номинациясына ие болды. Командаларды дайындауға жауапкершілікпен қарап, мектепішілік турнирдің жоғары нәтижеде өтуіне ықпал еткен мұғалімдердің еңбегі бағаланып, Дусупова А.А., Темирханова А.Б. «Үздік жаттықтырушы» номинациясы берілді. 2015 жыл. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дебат сайысы өтті. Республикалық «Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық тәлімі» онкүндігінің аясында ақпанның 5-і күні Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебінде «Адамгершіліктің шегі жоқ» тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дебат сайысы өтті. Сайысқа 8-10-сынып оқушылары қатысып, төреші міндетін 11-сынып оқушылары атқарды. Әр топ резолюция, критерий, аргумент және бірнеше дәлелден тұратын кейстерін ұсынды. Тақырыпты ашуда ұлы ғұламалардың пікірлерінен үзінді келтіріп, өз ойларын тұжырымдады. Дәлелдерді нақты сандық, пайыздық түрде көрсетілді. Республикалық баспасөз беті, интернет сайттарынан алынған өзгенің өмірін сақтап қалу үшін жасалған ерлік істер, қарапайым адамдардың жасаған жақсылықтары дәлел ретінде келтірілді. Пікірталас барысында махаббат, адалдық, қайырымдылық, адамгершілік, ар-ұят, парыз т.б ұғымдар қарастырылды. Әр спикер өз міндетін дұрыс атқара алды. Ойын соңында төрешілер ойынға жан-жақты талдау жасап, қай топқа, не үшін дауыс беретіндерін жариялады. Қазақ тілінде өткен сайыста 8а сыныбы «Дарын» тобы: Қайыркен Нұргүл, Елтаева Дариға, Арымбеков Асет жеңсе, ағылшын тілінде 9б сыныбы «Alash» тобы: Жантемиров Ерғанат, Нурмаганбетова Алина, Алтынбек Жармұхамет, орыс тілінде 10б сыныбы «Грань» тобы: Айткельдиев Азамат, Токенова Адина, Нуркенова Айдана І орынға ие болды. Дегенмен оларға 8б сыныбы «Ізгілік» тобы: Ахметуллина Айдана, Сарсекенов Бексултан, Нурланова Анаргүл, 9а сыныбы «The brains» тобы: Ахаева Алуа, Нұрхан Сұңқар, Алинова Динара, 10а сыныбы «Ника» тобы: Омарова Жанель, Толеуов Әділ, Мусарепова Диана қатты тойтарыс бере алды. Көрермендер ойын барысында адамгершілік құндылықтар туралы ойланып, өз іс-әрекеттерін бағалауға бүгінгі тақырып түрткі болғандығын атап өтті. Дебат сайысы жан-жақты ой-өрісті кеңейтіп, шешендік өнерге баулып, шығармашылық қабілеттің дамуына әкелетініне сенімді.

Электронды ресурстар

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар

tilqural.kz  
abai.institute  
tilmedia.kz  
balatili.kz  
emle.kz  
termincom.kz  
sozdikqor.kz  
qazcorpora.kz  
qujat.kz  
atau.kz  
qazlatyn.kz   
tilalemi.kz