Республикалық "Алтын тұғыр" математикалық олимпиадасында ІІ орын

Қаңтардың 6-8-і күндері Нұр-Сұлтан қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарлардың мақсаты – мұғалімнің тәжірибесін, білімін жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар аясында 7 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты - бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру. Қатысушы олимпиаданың тапсырмаларын орындады. Олимпиадаға 120 астрономиялық минут (2 сағат) берілді. Бағалау көрсеткіші 100 ұпай. Олимпиада Ережесіне сай: 8.1. Олимпиаданың мазмұны 3 бөлімнен тұрды: І бөлім. «Бос орынды толтыр». Бұл бөлімде мұғалім жылдам жауап бере алатындай қысқа сұрақтар, логикалық есептер, мәтіндік есептер, ережелер болды. ІІ бөлім. «Дұрыс жауабын таңдау сұрақтары» («Жабық тест»). Жауаптың 4-5 нұсқасы көрсетілген 10 сұраққа дейін кіргізілген тест тапсырмалары берілді. Қатысушы сол жауап нұсқаларының ішінен дұрыс жауабын таңдады. IІІ бөлім. «Есепте, дәлелде». Есептің шарты берілді. Тапсырманың шешу барысы, жауабы толық жазылады. Тапсырмалар бастауыш сынып бағдарламасын негіз еткен олимпиадалық, логикалық есептер болды. Нәтижесінде, бастауыш сынып мұғалімі Камзина Дана Калымкуловна ІІ орынды жеңіп алды.

Сенім телефоны

жұмыс тел: мектеп директоры

Кафизов Нұржан Бахриденұлы

8 (7187) 40 04 85

WatsApp: 87058148974

Облыстық білім беру басқармасының

сенім  телефоны 
8 7182 320560