Екібастұз қаласындағы мамандандырылған «Зерде» дарынды балалар мектебі облыс әкімінің 215/7 қаулысына сәйкес 2004 жылы 1 қыркүйекте ашылды. 1965 жылдан 20 мыңдай түлек ұшырған, №3 мектеп ғимаратында «Зерде» мектебі дарынды балаларға есігін айқара ашты.

   Мектептің алғашқы директоры болып «Қазақ ССР білім беру ісіні? үздігі» Қуанышева Нағима Сапарқызы тағайындалды. Алғашқыда 1-10 сыныптарға 321 оқушы,37 мұғалім еңбек жолын бастаған еді. «Зерде» мектебінің ашылуының алғы шарты тұңғыш президентіміз ашқан № 26 қазақ мектебінде қалыптасты. Осы мектепте 2001 жылы қыркүйек айында дарынды балалармен жұмыс жүйесін құру жөнінде облыстық эксперимент алаңы ашылды.Оған 1-7-сыныптан 100 бала іріктеліп алынды.

      2004 жылы үш жылдық жұмысымыздың қорытындысын облыстық білім департаменті тексеріп, жоғары бағалады. Эксперимент алдындағы міндетін орындады, осы жағдай жаңа мектеп ашуға негіз болды.

      2004-05 алғашқы оқу жылынан бастап, мектептің мұғалімдері мен оқушылары біршама жетістіктерге қол жеткізді. Халықаралық «Алтын Руно», республикалық «Ақбота» интелектуалды сайысында 17 оқушы жүлделі орындарды иеленді. 2005-06 оқу жылындарында облыстық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар сайысында 12 оқушы жүлдегер аталса, ҰБТ бойынша мектептің алғашқы 38 түлегі 90,3 ұпай жинап, оның барлығы жоғарғы оқу орнына түсіп, оның ішінде 30-ы мемлекеттік грант иеленді.Сол жылдан бастап мектебіміз қатарынан бірнеше жыл республиканың үздік мектептер санатында. Бұған біз ұстаздардың кәсіби біліктілігінің арқасында қол жеткіздік. Атап айтқанда, облыстық пән олимпиадасының бірнеше дүркін жүлдегерлері: Дүсіпова А.Ә, Сыздықова С.А, Амренова Қ.А, Қосыбаева К.С, Солтанбекова А.А, Жантемирова Р.Б, Нұртаева Н.Қ, Нуркина Е.С, Кафизов Н.Б, Нуркенова Д.Т. Қапашева Қ.Қ, Ерботина А.А, Жетпісбаева Т.Қ. Мектептің ғылыми-тәжірибе жұмыстарын өмір талабына сай ұйымдастырып, жетістіктерге жетуге еселі еңбек етіп жүрген директордың орынбасарлары: Қосыбаева Қ.Т, Исабаева Гүлдана Б, Нұртаева Н.Қ, Исабаева Гүлсара Б үлесі зор.