Мектеп психологінің мамандық таңдау бойынша кеңестері

Мамандық таңдау және өмірдегі өз жолын анықтау оңай нәрсе емес. Осы бағытта адамның қателесуі қымбатқа түсу мүмкін. Болашақ мамандығын дұрыс таңдамаған адам, кейін оқуына да, жұмысына да немқұрайлықпен қарау мүмкіндігі жоғары. 

-                     Мамандық таңдауға кіріскен болашақ түлектерге қандай кеңес беруге болады?

-                     Егер түлек өзінің мамандығын, жоғары оқу орнын нақты анықтап, алдына қойған мақсатына қарай еңбектеніп жатса, бұл өзіне де, қоршаған адамдарға да оң әсерін береді. Алайда, өкінішке орай, мұндай жағдай сирек кездеседі. Оқушылар өздерінің мамандықтарын таңдай алмай жүреді, сол себепті ата-ананың кеңесімен, достарының ілесуімен немесе жинаған баллдары қайда жетсе, сол оқу орнына және мамандыққа барып оқиды.

 

Толығырақ: Мектеп психологінің мамандық таңдау бойынша кеңестері

  Әлемде баласына ұрысқысы келетін ана жоқ. «Мен бүгін баламаайқайлаймын, ұрысамын» деп ана ойламайды.

         Керісінше! Ана бүгінгі күнді жақсы, шусыз болуын тілейді. Бірақ та, осындай жақсы пиғылдарға қарамастан, баласына айқайлайды. Ешкімге керек емес ата-ана мен бала арасындағы соғыс қате басталады.

         Балаға ол қатты әсер етеді. Өз баласының проблемасына түсінікпен қарау керек. Баланы жақсы көру керек, әке мен шеше оның бақытты болуына жауапты.

         Барлық балаға деген махаббат 4 түрге бөлінеді: көз қатынасы, түйісу, көңіл аудару, тәртіп. Әрқайсысы өте маңызды.

Толығырақ: Ата-ана махаббаты және оның бала тәрбиесіндегі рөлі

Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

•Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз;

•Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;

•Балаңызды ҰБТ-ға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік  тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;

Толығырақ: Ата-аналарға ҰБТ-ке дайындалуда ұсынылатын кеңестер:

•Сабақтар үшін орын дайында: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті құрал жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қойыңыз;

•Бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді еңгіз. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарасады;

•Сабақтардың жоспарын құрастыр. Алдымен анықтаңыз: сіз кімсіз «үкі», әлде «бозторғайсыз». Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағаттарды көбірек пайдалан. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын» сияқты нақты білу және анықтау керек;

•Ең қиын немесе ең нашар білетін материалыңнан баста. Бірақ, егер саған өте қиын болса, саған жеңіл немесе қызықты көрінетін материалдан бастауға да болады;

•Сабақты оқу мен демалуды реттеңдер: 40 минут сабақ оқу, кейін 10 минут демалу. Демалу кезінде ыдысты жууға, гүлдерге су құйюға, суға түсуге немесе денені шынықтыруға болады;

•Берілген пәндер бойынша өте көп тесттерді шығар. Өйткені осындай жаттығулар сендерді тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады;

•Секундамерді қолыңда ұстап, жаттық. Тесттерді қанша уақытта жасағаныңды есепте;

•Емтихандарға дайындалу кезінде өзінің жақсы тапсырғаныңынды көз алдына елестет;

•«Тапсырманы орындай алмаймын», - деп ешқашан ойлама;

•  Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін сынақ алдында түнді емес, бір күнді қалдыр.   

Ұлттық бірыңғай тестілеу және Мемлекеттік аралық бақылау алдындағы дайындық жүргізудің психологиялық аспектілері

«Күшіне сенген адам ғана мақсатына
жете алады»  Л.Фейервах

 Мақсаты:  

•МАБ-қа және ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез құлқын және эмоцияларын басқара алуына үйрету,өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.

•МАБ-қа және ҰБТ-ге дайындық кезінде ата-аналар мен ұстаздардың оқушыларға қандай көмек көрсету әдістері және кеңестері туралы ақпарат беру.

Міндеттер:  

•Оқушыларда қобалжуға байланысты туатын жеке даралық реакциялар туралы түсінік беру және оны жеңуге болатын мүмкіндіктер мен әдістерді ұсыну;

•Эмоционалдық күйзеліс сезімінен арылуға көмектесетін әдістермен таныстыру;

•Стресс, оның түрлерімен теориялық жағынан таныстыру;


Толығырақ: Ұлттық бірыңғай тестілеу және Мемлекеттік аралық бақылау алдындағы дайындық жүргізудің...