Оқушыларға

 

 

 

1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу уақытындағы,ата - аналарға психологиялық ұсыныс :
Мектепке бейімделу деген не - яғни бұл психологияда бұл термин баланың ойлауы мен іс - әрекеті оның мектеп ортасына үйлесімді «сәйкестенуіне» мүмкіндік беретіндей өзгеруі деп түсіндіріледі, яғни:
1. бала өзінің « істегім келедісін» мектептің «істеу керегіне» сәйкес келтіруі керек;
2. тапсырмаларды (кейде балаға онша қызықты емес) өз бетімен орындауға үйренуі керек;
3. мектеп тәртібін сақтауға, онымен есептесуге, өзінің тәртібімен басқа балаларға кедергі келтірмеуге және мұғалімдердің басын ауыртпауға үйренуі керек;
4. достық қарым - қатынас орнатып, оны ұстануға, басқа баланың ұнауына не ұнамауына қарамастан онымен тіл табысуға, тым болмаса қарым - қатынас жасауға үйренуі керек;
5. мектептегі оқуы – оның «жұмысы» екенін, оқушы болу - өте маңызды екенін түсінуі керек!

Балалардың бейімделуі қалай өтеді?

Ата - аналардың бірі балаларға оқу « онша қиын емес» деп, ал енді бірі «оқу қиын, бірақ күшіміз жетеді» деп есептейді. Ата - аналар үй жұмысын дайындау кезінде балалардың теріс эмоцияға беріледі деп есептейді. Олардың себептері ретінде еңбектен шаршау, рухани шаршау, материалдарды онша ұқпау, тапсырманы ұмытып қалу, көшіру кезінде қате жіберу, тапсырманы орындағысы келмеуі аталады. Ұйықтарда балалардың бірі тың, бірі шамалы шаршаңқы көңіл - күйде болу себебі не? Қиындыққа қарамастан, балалардың көбі оқуға ойдағыдай бейімделеді. Бірақ көмек керек ететін балалар да болады.

Ұсыныстар : 
1. Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ - түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.
2. Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп жұмыс істеу керек болады.
3. Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз: тентек болма, өзіңді жақсы ұста, бүгін жаман бағалар болмасын және т. б. Балаға сәттілік тілеңіз.
4. БҮГІН ҚАНДАЙ БАҒА АЛДЫҢ деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.
5. Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз, саябырланған соң өзі айтады.
6. Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз, мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз.
7. Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 - 3 сағат қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт - 15 - 17 сағат аралығында.
8. Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 - 20 минут сабақтан кейін 10 - 15 минут үзіліс қажет.
9. Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп, қолдау, мақтау қажет.
10. Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл - күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.

Дайындаған :

Мектеп психологі :  Ж.Е. Буркутбаева

Сенім телефоны

жұмыс тел: мектеп директоры

Кафизов Нұржан Бахриденұлы

8 (7187) 40 04 85

WatsApp: 87058148974

Облыстық білім беру басқармасының

сенім  телефоны 
8 7182 320560