«Зерде» дарынды балалар мектебінің тарих және география пәні мұғалімі Темирханова Алия Бекешқызы  республикалық  «Жаңашыл мұғалім -2017»  байқауының жеңімпазы атанды! Байқау мақсаты - білім беруде  АКТ –ны ұтымды қолданып,  сабақ беру барысында Вilimland. кz білім беру платформасының  ресурстарын оқу үдерісінде тиімді  әрі ұтымды пайдалану.  Осы байқаудың  барлық талаптарына сай Әлия Бекешқызының  жұмысы  «АҚТ тәрбие жұмысында»  номинациясы бойынша мыңнан аса қатысқан ұстаздар арасында «Ең үздік» деп танылып, Bilim Media Groyp компаниясы атынан 250 000 сыйақыны жеңіп алды.