Қарашаның 11-і «Зерде» мектебінде XIV мектепішілік пән олимпиадасы өтті. Пән олимпиадасы туын енгізу құрметіне ие олимпиада жұлдыздары енгізді. Олар: облыстық пән олимпиадасында құқық пәнінен ІІІ орынға ие болған Елтаева Дариға, облыстық пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиетінен ІІІ жүлделі орын иегері Серикова Жансая, облыстық пән олимпиадасында орыс тілі мен әдебиетінен ІІІ орынды жеңіп алған Мусина Амина, облыстық көптілділік олимпиадасында І орынды жеңіп алған Жумабеков Ануар. Облыстық пән олимпиадасында құқық пәнінен ІІ орынды жеңіп алған Жангалиев Дамир әсем әуен  ырғағымен олимпиада туын көтерді. «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының, Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасының облыстық кезеңдерінің жүлдегері Қайыркен Нұргүлді мектепішілік пән олимпиадасына тұңғыш рет қатысатын 3-сынып оқушыларына арнап ыстық лебізін білдірді.  Ашылу салтанатынан кейін оқушылар таңдаған пәндеріне байланысты күрделі де қызықты тапсырмалар орындауға кірісті.

Қарашаның 13-і күні XIV мектепішілік пән олимпиадасының салтанатты түрде жабылу рәсімі өтті. Олимпиадаға 3-11-сынып оқушылары түгелдей қатысып, нәтижесінде 155 оқушы 11 пәннен жүлделі орындарға ие болды. 43 оқушыға аймақтық пән олимпиадасына қатысуға жолдама берілді. Командалық есеп бойынша  8-сынып оқушылары          І орынды жеңіп алды. Мектепішілік пән олимпиадасы туын түсіру үшін құрметіне облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаз Кингирова Айым ие болды. Облыстық көптілділік олимпиадасында ІІ орынды жеңіп алған Мустагулова Лейла, облыстық кешенді олимпиадада  ІІІ орынға ие болған Мажитов Алибек, облыстық көптілділік олимпиадасында ІІ орынды ие болған Оралбаева Гайнель және  Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасының облыстық кезеңінде ІІІ орынға ие болған Шакенова Меруерт олимпиада туын шығарды.

  Білім, интеллект, эрудиция мерекесі көңілді күй, ерекше жігер, шабытпен аяқталды.