Облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 11 қаңтарда облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Байқауға 5 аудан, 3 қала және мамандандырылған мектептерден қатысқан 83 оқушының арасында мектебімізден қатысқан11 «А» сынып оқушылары Жунусова Мадина мен Қайыркен Нұргүл "Көркем  сөз", "Шығарма жазу"  бағыттары бойынша ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.                    Пән мұғалімі: Дусупова Аклес Адильбаевна