«Ninety one» тобы жастарға жақын

   Заман уақыт ағымына түсіп, түрлі өзгерістерге ұшырап жатыр. Бұнда тек біз өмір сүріп жатқан жер емес, сонымен қоса айналамыздағы адамдар да өзгеріп жатыр. Осыдан 30-40 жыл бұрын өмір сүрген жастар мен қазіргі жастарды салыстыратын болсақ, арасы жер мен көктей болады. Жастардың тек мінезі, түр-келбеті емес, сонымен қоса талғамдары да өзгеріс үстінде, әсіресе музыкалық талғамдары. Қазір біздің ата-апаларымыз қазақша әндер тыңдамайсын, шетел әндерін тыңдайсың деген реніштерін де айтып  жатады. Себебі, өз заманында олар тек қазақ әндерін тыңдайтын. Сөз жоқ, ертедегі қазақ халқының әндері өте әсерлі әрі сапалы болатын. Шәмші Қалдаяқов сияқты атақты адамдар Қазақстанды бүкіл ТМД елдеріне әйгілі қылды. Олардан асқан талант жоқ шығар, сірә. Бірақ, заман өзгерді, жастар өзгерді, ән де өзгерді. Шыны керек, қазір жастар көбінесе шетел әндерін тыңдайды. Неге? Себебі, қазір жастарды қызықтыра алатын сапалы дүниелер аз. Көп әншілердің әндері той бизнес үшін арналған, немесе тыңдай алатын аудитория ересек адамдарды ғана қамтиды.                                                                                                                         Осы арада, аты шулы «Ninety One», яғни «91» тобын айтып өтуге болады. Бұл атау 1991 жылы алынған тәуелсіздік ұғымын береді және өздерінің жанкуйерлерін EagleZ   деп атайды, яғни қырандар.Бұл -қазақ эстрадасы қажет еткен топ. Олар эстрадаға жаңа толқын әкеліп, жастардың көпшілік аудиториясын жаулап алды. Олардың өлеңдерін сапасыз, тек аздаған адамдарды қамтитын тізбекке мүлде жатқызуға келмейді. «Орда» тобының солисті Ерболат Беделханның продюсерлігімен 2015 жылы жарық көрген бұл топ бір жыл ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Көп адамдар оларды сырт келбеті үшін сөгеді. Бірақ сырттан тон пішуге болмайды. Шындығына келгенде, олар қазақтың қарапайым балалары. Жандары таза, шынайы, өте мейірімді адамдар. Өз істерін жанымен сүйіп, қазақ өнерін әлемдік деңгейге жеткізуді арман етеді. Олар осы жолда алғашқы қадамдарын жасап та үлгерді. Олардың ең алғаш шығарған бейнебаянын әлемнің 120 мемлекеті көріп, олардың 57-сі видеореакция түсіріп жатыр. Оладың жақында өткен біржылдық мерейтойына шетелдік жанкүйерлер қазақша құттықтаулар жіберіп, тіліміздің әдемілігін сөз қылған. «Ninety one» тобы қазақ эстрадасындағы көп жұлдыздар сияқты 1-2 ай ішінде шыға салмады, олар бұл киелі сахнаға шығу үшін 2 жылдай уақыт дайындалды. Олар жанкүйерлерімен өте жылы қарым-қатынаста. Әрдайым оларға алғысын  мен махаббатарын білдіріп отырады. EagleZ-ға тек қана жақсылықты дәріптейтін бұл топты көптеген қиындықтар тосып алды. Бірақ, топ та, жанкүйерлер де бірге ұсталып, ешқашан берілмеді. Адамдарға тек «Бақытты болыңыздар»,  «Армандарыңызды мақсатыңа айналдырыңыздар» деп айтатын бұл жігіттерді ұнатпау үшін олар жақсылықтан басқа еш нәрсе жасамады.  Сырттан топ пішудің қажеті жоқ. Жігіттерге қазақ өнерін әлем мойындайтын дәрежеге жету үшін қолдау көрсетейік. Ал егер талғамыңыз бұл топты ұнатпаса, тек қана сырттан бақылаңыздар. Себебі, «91» тобы әлемді жарады.

                                                                                    Қуандықова Индира 9а сынып оқушысы

Табылған ақыл.

  Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде барлық аңдар бірлесе өмір сүрген заман болыпты. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірге тамақтанып, бірге сауық – сайран құрады екен. Бірде әлемді саяхаттау мақсатында биік – биік таулардан, сарқырап аққан өзен – көлдерден өтіпті. Күтпеген кедергіге кездесіпті. Ағылып жатқан көліктер оларға жолды кесіп өтуге бөгет жасапты.  Орман патшасы Арыстан: - Түк болмағандай, жолды кесіп өте берерміз.                                                                                           

– Жоқ, мұның болмайды. Біз де жол ережесін сақтауымыз керекпіз! –деді киік.

-          - Қалай? Қайтіп? –деп у-шу болды.

-          - Достар, кеше мен теледидардан адамдардың бағдаршамнан өтіп бара жатқанын көрдім, -деді доңыз

-          - Бірақ, бұл маңда ешқандай бағдаршам жоқ қой!

-          - Ал, маған анам оқушының жаяу жолдан өтіп бара жатқанын көрсетті,-деді маймыл.

-          -  Жаяу жолды қайдан аламыз? –деп гүр етті Арыстан.

-        -   Менде бір идея бар! Мүмкін Зебраны жерге жатқызып қоямыз, -деді масаттанған Маймыл

-         -  Неге, неге Мен ,- Зебраның жан дауысы шықты.

-          - Себебі, сен жаяу жүргіншіге арналған белгі сияқты -  аласың?

-          - Бұл -  табылған ақыл! Зебра, келісесің бе?- деді Арыстан.

-          Әрине, жол ережесін сақтау үшін, шаңға аунасам да келісемін! Осындай әдемі келісімнен кейін, жол үстінде жатқан Зебраның үстінен бірнеше аң секіріп өтті. Ал көліктегі адамдар аңдардың тапқырлығына риза болып, қатар –қатар тоқтай қалды. Жол ережелерді сақтаудың маңызды екенін аңдардың да білетіндігі мені таң қалдырды!Қаіргі замандағы жаяужүргіншінің жолын «зебра» дейтіні осыдан қалған екен.                                   

                                                                                             Камила Қайыргелдинова,5 «Б» сынып оқушысы

  Саябақтың пайдасы

      Саябақ –демалыс орны. Менің ойымша,саябақ аралап, демалыс өткізуді босқа кеткен уақыт деп есептеуге болмайды. Себебі, саябақ аралау, таза ауада серуендеп, тыныс алу – біздің денсаулығымызға өте пайдалы, әрі қызықты іс. Таза ауамен тыныс аламыз, қимыл –қозғалыс жасаймыз, адамдармен сөйлесіп, қарым-қатынасқа түсеміз. Егер бос уақытымызды тек компьютер алдында немесе ұялы телефонмен өткізсек, өте зиян екені сөзсіз. Сондықтан да , достар, бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізейік!

                                                                          Айнабек Ботагөз 5-сынып оқушысы

Суретшімен сырласу

  -Сәлеметсіз бе, Бен Хейн. Мен сіз туралы және тамаша туындыларыңыз туралы көп естідім.

-Сәлемет пе, жас дос!

-Қарындашпен салынған суреттеріңіздің мәні қандай?

-Мәні өте зор. Картина арқылы түрлі ойлар жеткізуге болады. Фотосуретке тақырып қоямын: бақыт, еркіндік, достық т.б.

-Таңдай қақтыратын суреттеріңізді не арқылы салдыңыз?

-Оның құпиясы жоқ. Мен ең алдымен, нобайын сызамын, содан кейін нысанын шынайы бейнесінде суретке түсірдім, әрі қарай фотошопта өңдедім. Бұл –қиял мен шындықтың араласқан әлемі.

-Рахмет, сау болыңыз!

                                                                     Зейнолла Мағжан   5"А"сынып оқушысы

Шығармашылық қиял

  Адам қиялдаған кезде өзін тұңғиық теңізде жүзіп, аспандағы ақша бұлттардың үстінде, мамықта жатқандай сезінеді. Шынын айтқанда, қиял – адамның серігі. Қиял адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ол әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Мысалы, менің шығармашылық қиялым 7 жасымда пайда болды. Ол менің бірінші рет ән сайысына қатысып, жүлделі орынға ие болған күннен басталды. Мен ол күнді ешқашан ұмытпаймын. Сол күннен бергі тек бір ғана мақсатым бар: ол – Құрманғазы атындағы өнер академиясына түсіп, дәстүрлі әнші болу. Мен осы шығармашылық қиялымды орындамай қоймаймын.

                                                                                        Кенжебекова Елдана 5"Б"сынып оқушысы