2018 жылғы 28 наурызда Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебінің жанында жалпы білім беру пәндері бойынша жыл сайынғы XIV облыстық мұғалімдердің пәндер олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша мектебіміздің басшысы, информатика пәні мұғалімі Кафизов Нұржан Бахриденович І орын; математика пәні мұғалімі Ерен Анаргүл ІІІ орынды иеленді! Терең білім мен қажырлы еңбектеріңіздің еленуімен құттықтаймыз! Мәртебелеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!