Топжарғандар

  30 қазанда өткен облыстық көптілдік олимпиадада мектеп қоржыны тағы қомақты марапаттарға толды!  Олимпиада мақсаты – көптілді тұлғаны дамыту бойынша Президент бағдарламасын қолдау. Олимпиадаға қатысушылар тапсырмаларды үш тілде  (ағылшын, неміс,француз, қытай – таңдау бойынша) орындады. Мектебіміздің намысын қорғаған 5 оқушының үшеуі жеңіс тұғырынан көрінді. Оралбаева Гайнел (10б сынып) , Мустагулова Лейла (11бсынып) – ІІ орын, Жумабеков Ануар (11а сынып) І орынды иеленді. Тіл майталмандарын, көптілді, дарынды шәкірттерді дайындаған ұстаздар:  Дусупова А.Ә,   Нұртаева Н.Қ,  Нуркина Е.С, Есмағамбетова Г.К, Баимбетова А.Ю, Нуркенова Д.Т, Айтжанова А.Е . Таланттарды таңдап, шығармашылығын шыңдаған ұстаздарға  алғыс айтамыз!  

                                                                                                      «Зерде» пресс орталығы  

Құрметті де қымбатты Ұстаздар қауымы!

Кәсіби мереке Ұстаздар күні құтты болсын!  Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке, жүректеріңізге жылылық, еңбектеріңізге жеңіс, шәкірттеріңізге жеңіс тілейміз! Оқушыларыңыздың айтар алғысы шексіз,ризашылығы мол, тәлімі терең, білімі берік болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!

  Ізгі тілекпен: «Зерде» баспасөз орталығы

Тарих пенен құқықты қос үйреткен,

Биік шыңға бәрімізді бірге ерткен.
Алғыс айтып, бәріміз сізге жаппай,
Үлгі аламыз сізден Рыстыгүл апай.

Толығырақ: Шәкірттерден мың алғыс!!!

«Жарқын Болашақ»

ІХ республикалық КАТЕҮ қазақ тілі олимпиадасының облыстық

кезеңінде мектеп намысын қорғаған мақтаныштарымыз

Саттар Аллажар ІІІ орын

Қайыркен Нұргүл ІІ орын

Ниязов  Аманғазы І орын

иеленді.

«Қазақстан аңыздары мен мифтері»

тақырыбындағы шығармалар сайысында

Қайыркен Нұргүлдің /10 «А» сынып/

жұмысы ең үздік деп танылып, республикалық конкурсқа жіберілді

Республикалық  «Жарқын болашақ» олимпиадасында Аманғазыға, шығармалар сайысында Нұргүлге сәттілік тілейміз!

Жеңімпаз бен жүлдегерлер дайындаған ұстаздары Толқын Қонаевна мен Ақлес Адильбаевнаға алғысымызды білдіреміз!

                                                             

                                                                   «Зерде» мектебінің ұжымы.