Материал қалалық "Отарқа" газетінің сайтынан алынды. www.otarka.kz

Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің директоры Нұржан Қафизовпен сұхбат құруға бір апта бұрын келіскен едік. Уәделескен күні кабинетіне барғанымда, директор мені жарқын жүзбен қарсы алды. Қысқаша амандық-саулық сұрасқан соң, ол мектебіндегі қуанышты жаңалықпен бөлісті: Павлодар қаласында өткен республикалық ІХ «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңінде «Зерде» мектебінен қатысқан 5 оқушының үшеуі олжалы оралыпты. 11 «Б» сынып оқушысы Аманғазы Ниязов «Сөз шебері» аталымында бас жүлдеге ие болса, 10 «А» сынып оқушысы Нұргүл Қайыркен ІІ орынды, 10 «А» сынып оқушысы Аллажар Саттар ІІІ орынды иеленіпті!

Нұржан Бахриденұлын мектептің кезекті жеңісімен құттықтаған соң, одан арғы әңгімеміз осы тақырыпта өрбіді.

- Нұржан Бахриденұлы, «Зерде» мектебі қаншама дарынды баланың бағын ашты. Жалпы, көп баланың ішінде дарындыны іріктеу қиын ба?

- «Зерде» мектебіне балаларды 1-сыныптан және 5-сыныптан бастап оқуға қабылдаймыз. Мәселен, 1-сыныпқа қабылдау үшін арнайы психологиялық-педагогикалық тестілеуден өткізіледі. Бірінші, логикалық ойлау қабілеті; екінші, есте сақтау қабілеті; қол моторикасының жетілуі; төртінші, оқу және санау үрдісі есепке алынады. Ал 5-сыныпқа логикалық ойлау қабілетін анықтауға арналған тест пен математика және қазақ тілінен мемлекеттік стандартқа сәйкес  білімін анықтау негізінде қабылданады.

Толығырақ: Білімдінің алды жарық

Математика, информатика және физика пәндері апталығының қорытындысы

 

2017 жылғы 27.02 – 1.03.17 аралығында мектебімізде математика, физика және информатика пәндерінің апталығы «Сандар құдіреті» тақырыбында өткізілді. Аталған апталықты өткізу мақсаты –Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігінін 25 жылдығына, Екібастұз қаласының 60 жыл мерейтойына, қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты оқушылардың білімдерін тереңдетіп, математика, физика және информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру, математикалық сауаттылығын жетілдіру, заман талабына сай жаңа технологияларды тиімді қолдану.

Апталық барысында аталған сандарға орай интеллектуальдық, логикалық ойындар, викториналар, білім көрмесі өткізілді.

 

Толығырақ: Математика, информатика және физика пәндері апталығының қорытындысы

       

                               Абай- дана, Абай- дара қазақта...

        22 ақпанда мектебіміздің дәстүрі бойынша  «Абай- дана, Абай- дара қазақта..» тақырыбында поэзия сүйер бастауыш сынып  бүлдіршіндерімен ХІІІ мектепішілік Абай оқулары 3 номинация бойынша өткізілді. Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Исабаева Г.Б жетекшілігімен  ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп,  4- сынып оқушылары М.Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша «Ақыл жастан...» тақырыбында көрініс көрсетті (Ағзап Ә, Әдіман Е, Бегайдаров Н,Жанабаев М)   Мектеп сахнасы талапқа сай безендірілді (жауапты Сүлешева Е.С)

Толығырақ: Абай- дана, Абай- дара қазақта...

Махамбет оқулары

Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында ҮІІІ мектепішілік Махамбет оқулары өтті. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарынын  өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, мектеп оқушылары арасында ақын өлеңдерін жатқа айтушылар мен арнау  өлең иесі – ақындардың өлеңдерін сарапқа салу, өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу мақсат етілді. Жылдан-жылға бұл оқуға қатысушылардың саны артуы қуантарлық жайт. Махамбет өлеңдерін жатқа оқу, яғни, «Ел құтқарар ер едім...» бағыты бойынша 33 оқушы бағын сынаса, «Тартылмай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша ақындық қабілетін сынаған оқушылар саны 20-ға жетті. «Ұлы арман» бағыты бойынша Махамбет күйлерінің жарысы, өкінішке орай, домбырашылар тарапынан қызығушылық танытпай, сайыскерлер болмады.

Толығырақ: Махамбет оқулары

   

                           Оқырмандар кездескенде...

 

Мектепте 17- ақпан күні «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты 2-4сыныптар аралығында оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға  таңдалған әңгіме Нұрдәулет Ақыштың  « Мейірімділік сәулесі». Әңгімені оқуға 2 жұма беріліп, әңгіме бойынша тест арқылы оқыған  44 оқушы іріктеліп алынды. Кітап туралы мәнерлеп өлең оқылып, басты кейіпкер рөлін  2а сынып оқушысы Сушин Батырхан жақсы сомдады. Интербелсенді тақтадан  ғарыш айлағы туралы видио ролик көрсетілді.

 

Толығырақ: Оқырмандар кездескенде...