Ақпанның 16-17-сі Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебінде ІV мектепішілік дебат  турнирі өтті. Биылғы жылы 8-10 сынып оқушылары «Баланы үнемі қолдаудың пайдасы басым» тақырыбында пікір таластырды. Даттау позициясы «Баланы үнемі қолдаудың зияны басым» деген тақырып төңірегінде ой қозғады. Турнирге қатысуға 12 команда ниет білдіріп, алғашқы күні әр команда жақтау, даттау позициялармен ауысып, 3 ойыннан өткізді. Даттау барысында баланы үнемі қолдау еркелікке апарады, кейін өмірге бейім болмай, өзі шешім қабылдауға үйренбейді деп, жақтау жағы мектептегі жетістіктеріміздің өзі мұғалімнің қолдауының арқасында үлкен жетістікке жетелеп, сенім ұялатады, достардың қолдауы, әсіресе жасөспірім кезде қажет, көпшілік ортада беделі өсіп, жігерлендіреді деген ой тастады. Нақты фактілер арқылы дәлелдеу үшін сайыскерлер сөздік, энциклопедиялардан дефинициялар тауып, психолог-педагог еңбектерінен үзінді келтірді. Ойынға төрешілік қызметін атқарған әділ қазылар жартылай финалға 4 командаға жолдама беру керек еді, бірақ «Дарын» мен «Құлагер» тең түсіп, олардың арасында жеке іріктеу туры өтті.

Нәтижесінде

1 орын «Тарлан» тобы 9б сынып

2 орын «Кемел келешек» тобы 10а сынып

3 орын «Жарқын болашақ» тобы 10а сынып және «Дарын» тобы 9б сынып

Сонымен қатар спикерлік міндетін жоғары дәрежеде атқарған Жангалиев Дамир 9б, Жумабеков Ануар 10а, Умиралинова Жұлдыз 9б, Ахметуллина Айдана 10б, Жанкина Аяулым «Үздік спикер» номинациясына ие болды.

Командаларды дайындауға жауапкершілікпен қарап, мектепішілік турнирдің жоғары нәтижеде өтуіне ықпал еткен мұғалімдерге «Үздік жаттықтырушы» номинациясы Дусупова А.А., Темирханова А.Б. берілді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ – ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, кұқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтырады.

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ – ОЛ:                                           

- мемлекеттің діннен және діни бірлестіктерден бөлінуі;

- азаматтардың дінге деген көзқарастарына қарамастан  теңдігі;

- азаматтардың дінді таңдауғажәне діннен бас тартуға құқығын қамтамасыз ету;

- рухани оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарында қандай да болсын дінді насихаттауға жол бермеу;

- қоғамда әлеуметтік қатынастарды діни догмалармен емес, елдің заңдарымен реттеу.

Толығырақ: ШЫНАЙЫ ЖИҺАД

    

  «Әлемді өзгертетін идеялар» Республикалық семинар-тренингінің

 Екібастұз қалалық коллоквиумы

         Мемлекет басшысы ел алдында реформалық жүйелі жоспар құрып, 100 нақты қадамды белгіледі. Бұл ұлт болашағы үшін жасалып отырған маңызды шаруа болғандықтан, ұлттық мәнге ие. Әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылып, мықты әрі бәсекеге қабілетті болу үшін, тек мемлекет басшылығы, басқарушы органдары ғана емес, бүтін ел болып, бірлігі мен келісімі жарасқан жұрт болып атсалысуымыз тиіс. Отанын сүйетін әр азамат өзінің туған жері үшін аянбай тер төгуі шарт. Бұл қасиеттер – Қазақстан халқына тән. Біздің күш – халықта, болашағымыз – бірлікте. Дәл осы қағидадан еліміздің өркендеуі мен дамуы бастау алады. Ал Елбасы ұсынған бес реформа – жарқын болашаққа жедел жеткізетін ақ желкен. Сондықтан ұлт жоспары ортақ іске айналуы керек.

Толығырақ: «Әлемді өзгертетін идеялар» Республикалық семинар-тренингінің

    

  

Азамат деген атқа лайық біздің жігіттер

Істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, болашағымыздың асыл қазынасы саналған ұлы тарихты білу – әр азаматқа  шарт. ХХ ғасырдың ұмытылмас оқиғалардың біріне айналған Ауған соғысы  тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың барысын қысқаша сөз етсем, Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең-кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО-ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.

Толығырақ: Азамат деген атқа лайық біздің жігіттер

 «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, кәсіп қыл!»

Әрбір оқушы мектеп бітірерде мынадай сауалдарға жауап іздейді: «Мен ЖОО-на ата-анамның айтуымен барайын ба?», «Менің қандай мамандыққа икемім бар?», «Осы кәсіппен өмір бойы айналыса аламын ба?», «Қаражат жағы қалай болады екен?». Бұл сұрақтар әрқайсысымызға  таныс, себебі барлығымыз да осы сынақтан өтеміз, осы жағдайды бастан кешіреміз. «Мектеп бітіру кеші», «емтихан», «болашақ мамандық» десең, бойыңды біртүрлі сезім билейді, ересек өмірге қадам басу – түбегейлі өзгеріс, бір жағынан көңілің босап сала береді: он бір жыл бірге оқып, бірге күліп, бірге жылаған, туғаныңдай болып кеткен адамдармен қоштасасың. Енді сен «болашақ мамандығым мемлекеттік грантқа тәуелді бола ма, әлде ата-анамның қаражаты менің сұранысымды көтере ала ма?» деген ойға берілесің.

Толығырақ: «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, кәсіп қыл!»