Екібастұз қаласының "Зерде" дарынды балалар мектебінде 19 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз тойы мерекеленді. Мерекеге ұстаздар, оқушылар, ата-аналар барлы қазақтың ұлттық киімдерімен келді.  1-11 сыныптар, барлығы 19 сынып, кабинеттерінде жеке ауылдар тікті. Ауыл аттарын қазақтың ұлы ақын жазушыларының аттарымен атады және сол тақырыпты ашты. Қазақтың салт дәстүрлерін көрсетті, жайылған мерекелік дастарханда ата-аналар, оқушылар, ұстаздар бәрі бірге отырып мәре-сәре болды. Сахнада мерекелік концерт, мектептің спорт залында қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды. Мектептің футбол алаңында сыныптар арасында футболдан жарыстар өтті. Жеңімпаздарды "Зерде" даму қоры ақшалай сыйлықтармен марапаттарды. Қонаққа ардагер ұстаздар шақырылып, Ұлыстың Ұлы күніне байланысты ізгі тілектерін айтты.

фоторепортажDSC 0019

 

29.02 -03.03  аралығында « Таза  болса  табиғат, аман болар адамзат»  атты химия, биология, география пәндері апталығы өтті.

Толығырақ: Химия, биология, география пәндері апталығының қорытындысы

2016 жылдың 10 ақпанында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық» апталығына орай, ана жүрегі, ана мейірімінің ыстық әрі ықыласты екенін жеткізу мақсатында «Алтын жүрек анамыз» атты бастауыш сынып оқушыларының арасында ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы жүргізілді. Сайысқа 2-сыныптан Қайриден Мадияр, Оразбекова Алина, Шиянбина Аружан, 3-сыныптан Тоқбердинова Лейла, Шиянбина Анель, Сағынбек Адина, 4-сыныптан Ержанов Диас, Амангелдинов Айзат, Дюсенбаев Рауан қатысты. Сайыстың нәтижесі мектеп жиналысында белгілі болады. 

      Мектепішілік «Ана тілің - асылың» қазақ тілі мен әдебиеті апталығы 22-25 ақпан аралығында өтті. Апталық ертеңгілік 6 бсыныбы оқушылары Тіл туралы өлеңдер оқып, оқушылардан мақал, жұмбақ, сөз мағыналары туралы сұрақтар сұралды. Республикалық ОҒҚ жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау «Ғылымға құштар жас өрен» тақырыбымен ұштасып, қалалық телеарнада көрсетілді.

Толығырақ: «Ана тілің - асылың» қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

2016 жылдың 5 ақпанында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани мәдениетін жетілдіру, оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адамзаттық мәдениет қалыптастыру. Апталықтың ашылу салтанатына 5-сынып оқушылары анаға арналған өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «өмір – біздің әрекеттеріміздің айнадан кері шағылысуы ғана» деген ұстанымды алға қойып, көрініс арқылы оқушыларды дұрыс әрекетке бағыттаудың жолын көрсетті.

Толығырақ: Өзін-өзі тану апталығы