29.02 -03.03  аралығында « Таза  болса  табиғат, аман болар адамзат»  атты химия, биология, география пәндері апталығы өтті.

Толығырақ: Химия, биология, география пәндері апталығының қорытындысы

      Мектепішілік «Ана тілің - асылың» қазақ тілі мен әдебиеті апталығы 22-25 ақпан аралығында өтті. Апталық ертеңгілік 6 бсыныбы оқушылары Тіл туралы өлеңдер оқып, оқушылардан мақал, жұмбақ, сөз мағыналары туралы сұрақтар сұралды. Республикалық ОҒҚ жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау «Ғылымға құштар жас өрен» тақырыбымен ұштасып, қалалық телеарнада көрсетілді.

Толығырақ: «Ана тілің - асылың» қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

2016 жылдың 5 ақпанында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани мәдениетін жетілдіру, оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адамзаттық мәдениет қалыптастыру. Апталықтың ашылу салтанатына 5-сынып оқушылары анаға арналған өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «өмір – біздің әрекеттеріміздің айнадан кері шағылысуы ғана» деген ұстанымды алға қойып, көрініс арқылы оқушыларды дұрыс әрекетке бағыттаудың жолын көрсетті.

Толығырақ: Өзін-өзі тану апталығы

2016 жылдың 10 ақпанында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық» апталығына орай, ана жүрегі, ана мейірімінің ыстық әрі ықыласты екенін жеткізу мақсатында «Алтын жүрек анамыз» атты бастауыш сынып оқушыларының арасында ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы жүргізілді. Сайысқа 2-сыныптан Қайриден Мадияр, Оразбекова Алина, Шиянбина Аружан, 3-сыныптан Тоқбердинова Лейла, Шиянбина Анель, Сағынбек Адина, 4-сыныптан Ержанов Диас, Амангелдинов Айзат, Дюсенбаев Рауан қатысты. Сайыстың нәтижесі мектеп жиналысында белгілі болады. 

Бүгін, 9 ақпан күні мектебімізде   ақиық ақын  Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай үлкен қоңырауда ақын өлеңдері оқылды. Мектептің акт залында  ақын өміріне байланысты  «Мәңгі өлмейтін жыр -ғұмыр» тақырыбында презентация көрсетіліп, ақынның өз дауысымен жазылған өлеңдері берілді.

Толығырақ: Бүгін менің туған күнім...